"Халықтың нысаналы топтарын және 2012 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 158-115 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 23 мамырдағы № 158-611 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 730 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 158-40 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2013.01.09 № 158-40 Қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне пробация қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңы 1-бабы 10-тармағының 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Халықтың нысаналы топтарын және 2012 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 158-115 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 715 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 наурыздағы № 26 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 3 наурыздағы № 26 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағы 18) тармақшамен мына мазмұнда толықтырылсын:
      «18) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарға.».
      2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Әкiм                                       И. Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады