Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 23.01.2014 № 158-85 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғалар бар азаматтар;
6) елу жасқа толған тұлғалар;
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
13) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері;
14) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
15) толық емес жұмыс режимінде қамтылған қызметкерлер;
16) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар;
17) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар);
18) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар.
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма):
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдасын;
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Жұмыс берушілер:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін;
2) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын Басқармаға толық көлемде ақпарат берсін;
3) Басқармаға бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы мәлімет жіберсін;
4) Басқарма берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы уақтылы (Басқарма оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабардар етсін.
4. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен осы қаулының мәтінін Астана қаласы әкімдігінің интернет-сайтында ресми жариялауды және орналастыруды жүргізсін.
5. Астана қаласы әкімдігінің:
«Халықтың нысаналы топтарын және 2012 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтiк қорғалуына көмек көрсету жөнiндегi шараларды белгiлеу туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы № 158-115 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 715 болып тіркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2012 жылғы 3 наурыздағы № 26, «Вечерняя Астана» газетінің 2012 жылғы 3 наурыздағы № 26 жарияланған);
«Халықтың нысаналы топтарын және 2012 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтiк қорғалуына көмек көрсету жөнiндегi шараларды белгiлеу туралы» Астана қаласы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 1 ақпандағы № 158-115 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» 2012 жылғы 23 мамырдағы № 158-611 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 730 болып тіркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 75, «Вечерняя Астана» газетінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 70 жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Әкiм И. Тасмағамбетов