"2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 109-315 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 109-852 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 734 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 09-76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 21.01.2014 № 09-76 қаулысымен.

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 109-315 қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 сәуірде № 717 болып тіркелген; 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 38 «Астана ақшамы» газетінде және 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 41 «Вечерняя Астана» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      қалалық шақыру комиссиясының құрамына:

Таласов                    – «Астана қаласының Қорғаныс істері
Мұхамеджан Қадыржанұлы       жөніндегі департаменті» мемлекеттік
                             мекемесінің бастығы, қалалық шақыру
                             комиссиясы төрағасының орынбасары
                             енгізілсін;
      көрсетілген комиссия құрамынан Б.Ә. Мұхамеджанов шығарылсын;
      жоғарыда көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
      қалалық шақыру комиссиясының (резервтік) құрамына:

Артықов                    – «Астана қаласының Қорғаныс істері
Ғани Асылбекұлы              жөніндегі департаменті» мемлекеттік
                             мекемесі әскери қызметшілерді
                             келісім-шарт және шақыру бойынша іріктеу
                             басқармасының бастығы, қалалық шақыру
                             (резервтік) комиссиясы төрағасының
                             орынбасары енгізілсін;

      көрсетілген комиссия құрамынан А.Б. Кәрімов шығарылсын.
      2. «Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және мемлекеттік тіркеуден кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.

      Әкім                                       И.Тасмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Астана қаласының Қорғаныс
      істері жөніндегі департаменті»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      2012 жылғы 26 маусым                        М. Таласов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады