"Облыстық бюджеттің қаражатынан лауазымдық жалақыларын және тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № А-8/328 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 шілдеде № 3434 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № А-10/545 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 18.11.2014 № А-10/545 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18 бабына сәйкес, Ақмола облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттің қаражатынан лауазымдық жалақыларын және тарифтік ставкаларын жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № А-6/244 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3323 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 шілдеде «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы»;
      1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.»;
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Ақмола облысының әкімі                     Қ.Қожамжаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады