"Ақмола облысында "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, күзет аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № А-5/190 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № А-8/337 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 тамызда № 3435 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, күзет аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № А-5/190 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3393 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдеде «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «2. Ақмола облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес шаруашылық қызметтің реттелетін режимі белгіленсін.».
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Облыс әкімі                                Қ.Қожамжаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады