Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № А-10/437 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 5С-6-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 қыркүйекте № 3449 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 21.10.2015 № А-10/480 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 21.10.2015 № 5С-42-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының елді мекендер аумағында, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Ақмола облысының әкімі                     Қ.Қожамжаров

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А.Тайшытаев

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Н.Дьячек
 

Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ А-10/437 қаулысына қосымша

Ақмола облыстық мәслихатының
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
 № 5С-6-4 шешіміне қосымша
 

Ақмола облысының елді мекендері аумағында, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары
 

Елді мекендердің атауы

1 шаршы метр үшiн теңгемен төлемақының базалық ставкасы

Сәйкес аймақтың басқа елді мекендері үшін базалық ставкадан пайызы

Көкшетау қаласы

950

25

Степногорск қаласы

800

20

Щучье қаласы

550

15

Бурабай кенті

1120

50

Ақкөл қаласы

463

15

Атбасар қаласы

516

15

Державинск қаласы

181

30

Ерейментау қаласы

307

25

Есіл қаласы

298

20

Макинск қаласы

404

20

Степняк қаласы

184

40

Аршалы кенті

310

40

Шортанды кенті

270

40

Ақмол ауылы

330

40

Астраханка селосы

138

40

Балкашино селосы

180

40

Егіндікөл селосы

124

40

Зеренді селосы

350

25

Жақсы селосы

141

40

Қорғалжын селосы

128

40

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады