Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 28.12.2012 № А-1/668 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.
3. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Қ.Қожамжаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы діни істер
департаментінің директоры С.Ибраева
Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы 26 қыркүйектегі
№ А-10/451 қаулысымен
бекітілген
Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін
арнайы белгіленген тұрақты үй-жайлардың орналасуы
№ |
Арнайы тұрақты үй-жайлардың атауы |
Арнайы тұрақты үй-жайлардың мекенжайы |
Көкшетау қаласы |
||
1 |
«Ш.Уәлиханов кітап үйі» кітап дүкені |
Абай көшесі, 133-үй |
Степногорск қаласы |
||
2 |
«Абай» кітап дүкені |
2- ықшам аудан, 48-үй, 21-кеңсе |
Бурабай ауданы |
||
3 |
«Дом книг» кітап дүкені |
Щучинск қаласы, Әуезов көшесі, 65-үй |
4 |
«Мир книг» кітап дүкені |
Щучинск қаласы, Әуезов көшесі, 44-үй |
Жақсы ауданы |
||
5 |
«Жаксы» дүкені |
Жақсы кенті, Жақыпов көшесі, 86 |
Зеренді ауданы |
||
6 |
«Береке» сауда үйі |
Зеренді селосы, Мир көшесі, 63 |