Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/668 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 25 қаңтарда № 3632 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/172 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 02.04.2020 № а-4/172 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 13.12.2013 № А-11/550 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы келісілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 13.12.2013 № А-11/550 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № А-10/451 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тiркеу тізілімінде № 3450 болып тiркелген және "Акмолинская правда", "Арқа ажары" газеттерінде 2012 жылғы 29 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.

      5. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Қ.Қожамжаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы дін істері
департаментінің директоры
С.Ибраева

  Ақмола облысы
әкімдігінің 2012 жылғы
28 желтоқсандағы № A-1/668
қаулысына 1 қосымша

Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы белгіленген тұрақты үй-жайлардың орналасуы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 17.06.2016 № А-7/303 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Арнайы тұрақты үй-жайлардың атауы

Арнайы тұрақты үй-жайлардың мекенжайлары

Бурабай ауданы

1.

"Мир книг" кітаптар дүкені

Щучинск қаласы, Әуезов көшесі, 44-үй

Жақсы ауданы

2.

"Жақсы" дүкені

Жақсы кенті, Жақыпов көшесі, 86-үй

  Ақмола облысы
әкімдігінің 2012 жылғы
28 желтоқсандағы № A-1/668
қаулысына 2 қосымша

Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге рналған үй-жайлардың орналастырылуы

      Ескерту. 2-қосымшаның атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 13.12.2013 № А-11/550 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 17.06.2016 № А-7/303 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.12.2016 № А-13/560 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Үй-жайлардың орналасуы

Көкшетау қаласы

1.

алынып тасталды – Ақмола облысы әкімдігінің 02.12.2016 № А-13/560 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2.

алынып тасталды – Ақмола облысы әкімдігінің 02.12.2016 № А-13/560 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Степногорск қаласы

3.

Қарабұлақ кенті, Ленин көшесі, № 12 үй

Ақкөл ауданы

4.

Ақкөл қаласы, Октябрьская көшесі, № 67 үй

Астрахан ауданы

5.

Жалтыр ауылы, Чапаев көшесі, № 2 "А" үй

6.

алынып тасталды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.06.2016 № А-7/303 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Атбасар ауданы

7.

Сергеевка ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, № 10 үй

Бұланды ауданы

8.

Партизанка ауылы, Мәметова көшесі, № 14 үй, № 2 пәтер

Бурабай ауданы

9.

Щучинск қаласы, Вокзальная көшесі, № 1 үй

10.

Щучинск қаласы, Куйбышев көшесі, № 58 "Б" үй

Есіл ауданы

11.

Московское ауылы, Степная көшесі, № 9 үй

Ерейментау ауданы

12.

Еңбек ауылы, № 11 үй

Жақсы ауданы

13.

Ишимское ауылы, Ленин көшесі, № 113 үй

14.

Запорожье ауылы, Мир көшесі, № 102 үй

Жарқайың ауданы

15.

Далабай ауылы, Абай көшесі, № 20 үй

16.

Тассуат ауылы, Жангельдин көшесі, № 12 үй

Зеренді ауданы

17.

алынып тасталды – Ақмола облысы әкімдігінің 02.12.2016 № А-13/560 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Целиноград ауданы

18.

Приречное ауылы, Комсомольская көшесі, № 22 үй

19.

Софиевка ауылы, Центральная көшесі, № 6 үй

Шортанды ауданы

20.

алынып тасталды – Ақмола облысы әкімдігінің 02.12.2016 № А-13/560 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады