Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппаратының 11.06.2013 № 1.5-13/8492 хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 жылға арналған субсидиялардың нормаларын және басымды ауылшаруашылық дақылдарының тізбесін белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № А-5/169 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3429 болып тіркелген, «Арқа Ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2012 жылы 5 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2012 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесiн және көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы»;
1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2012 жылға арналған
1-қосымшаға сәйкес көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары;
2-қосымшаға сәйкес басым дақылдардың тізбесі белгіленсін.»;
1-қосымшада «ауылшаруашылық» сөзі алынып тасталсын;
2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ. Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі Қ. Қожамжаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ А-12/524 қаулысына
2-қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы "06" сәуір № А-5/169
қаулысымен бекітілген
Ақмола облысының басымды
дақылдарының тізбесі
рет № |
Басымды дақылдарының атауы |
1 |
жаздық бидай |
4 |
арпа |
5 |
сұлы |
6 |
қарақұмық |
8 |
дәнбұршақтылар |
9 |
майлылар |
10 |
картоп |
11 |
бау және бақшалықтар |
12 |
азықтықтар (бір жылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері) |
13 |
азықтықтар (шабындық жерлерді шалғындандыру үшін себілген, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері) |
14 |
сүрлемге жүгері, күнбағыс |
15 |
жабық топырақ көкөністері |