2012 жылға арналған басым дақылдардың тiзбесiн және көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № А-5/169 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 сәуірде № 3429 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппаратының 2013 жылғы 11 маусымдағы № 1.5-13/8492 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппаратының 11.06.2013 № 1.5-13/8492 хатымен).

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.11.07 № А-12/524 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға арналған
      1-қосымшаға сәйкес көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары;
      2-қосымшаға сәйкес басым дақылдардың тізбесі белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.11.07 № А-12/524 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Қ. Қожамжаров

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                          Е. Аман

Ақмола облысы әкімдігінің 
2012 жылғы 6 сәуірдегі  
№ А-5/169 қаулысына 1-қосымша

Көктемгі-дала және егін орағы жұмыстарын жүргізу үшін қажет жанар-жағар май материалдардың және басқа тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.11.07 № А-12/524 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.

рет №

Басымды дақылдарының атауы

1 гектарға субсидиялар нормалары, теңге

1

базалық норма бойынша дәнділер мен дәнбұршақтылар

400

2

аймақтық ғылыми-негізделген агротехнологияларды сақтаумен дәнділер және дәнбұршақтылар

600

3

майлылар

3400

4

азықтықтар

900

5

сүрлемге жүгері, күнбағыс

1200

6

картоп

24000

7

бау және бақшалықтар

27126

8

жабық топырақ көкөністері (бір дақыл айналымға)

1300000

Ақмола облысы әкімдігінің  
2012 жылғы 6 сәуірдегі   
№ А-5/169 қаулысына 2-қосымша

Басымды ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2012.11.07 № А-12/524 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.

рет №

Басымды дақылдарының атауы

1

жаздық бидай

4

арпа

5

сұлы

6

қарақұмық

8

дәнбұршақтылар

9

майлылар

10

картоп

11

бау және бақшалықтар

12

азықтықтар (бір жылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері)

13

азықтықтар (шабындық жерлерді шалғындандыру үшін себілген, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері)

14

сүрлемге жүгері, күнбағыс

15

жабық топырақ көкөністері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады