Ақмола облысындағы меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № А-13/598 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаметінде 2013 жылғы 10 қаңтарда № 3596 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақмола облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Қ.Қожамжаров
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
А.Тайшытаев
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Н.Дьячек

  Ақмола облысы әкімдігінің
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ А-13/598 қаулысына және
Ақмола облыстық мәслихатының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 5С-8-6 шешіміне
қосымша

Ақмола облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерлерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсаттағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 26.01.2022 № А-1/42 қаулысымен және Ақмола облыстық мәслихатының 26.01.2022 № 7С-14-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      (гектармен)

Қалалар және аудандар атауы

Ақмола облысында бір әкімшілік ауданның (қаланың) шегінде меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері:

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматына (ортақ үлестік меншік қатысушыларына (мүшелеріне) қолданылмайды)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаға және оның үлестес тұлғаларға ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ (ортақ үлестік меншік қатысушыларына (мүшелеріне) қолданылмайды)

1

2

3

4

5

6



барлығы

оның ішінде суаруға

барлығы

оның ішінд е суаруға

1.

Ақкөл

10

1

20

1

2.

Аршалы

20

1

30

1

3.

Астрахан

10

1

20

1

4.

Атбасар

10

1

20

1

5.

Бұланды

10

1

20

1

6.

Бурабай

20

1

30

1

7.

Егіндікөл

10

1

20

1

8.

Біржан сал

10

1

20

1

9.

Ерейментау

10

1

20

1

10.

Есіл

10

1

20

1

11.

Жақсы

10

1

20

1

12.

Жарқайын

10

1

20

1

13.

Зеренді

20

1

30

1

14.

Қоргалжын

10

1

20

1

15.

Сандықтау

10

1

20

1

16.

Целиноград

20

1

30

1

17.

Шортанды

20

1

30

1

18.

Көкшетау қаласы

20

1

30

1

19.

Қосшы қаласы

20

1

30

1

20.

Степногорск қаласы

10

1

20

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады