Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 23.04.2013 № С-16/16 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының жекелеген
санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-113 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсандағы «Көкшетау» газетінде және 2009 жылғы 24 желтоқсандағы «Степной маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 9 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«9) мереке күндері қарсаңында әлеуметтік көмек жиынтық тізілімінің негізінде осы тармақшада көрсетілген адамдарға қаржыны өтінішсіз-ақ, олардың есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады:
9 Мамыр Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15000 теңге;
фашистік лагерьлерде болған кәмелетке толмаған тұтқындарға – 3000 теңге;
блокадалық Ленинград тұрғындарына - 3000 теңге;
Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлеріне - 3000 теңге;
марапатталған тыл еңбеккерлеріне - 7000 теңге;
соғыс жылдары алты және одан да көп ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне - 5000 теңге;
балаларды қорғау Күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 3000 теңге;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 85, 90 және одан да жоғары жасқа толған мерейтой иелеріне біржолғы - 5 000 теңге;
90 жасқа толған зейнеткерлерге - 50 000 теңге;
100 жасқа толған зейнеткерлерге - 100 000 теңге;
Чернобыль атом электро-станциясындағы апатты жоюға қатысушылар мен мүгедектерді еске алу күніне орай - 5 000 теңге;
Интернационалист жауынгерлерге Ауғанстаннан әскерді шығарған күнге орай - 5 000 теңге;
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Батыр ана» атағы бар «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға – 5 000 теңге;
Зейнетақы мөлшері ең төмен зейнеткерлерге 1 қазан қарт адамдар күніне орай – 2 000 теңге.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық мәслихатының
6 сессияның төрағасы Б.Ғайса
Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы Б.Бегалин
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі М.Батырханов