Автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкаларын ұлғайтуы туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 қазандағы № С-11/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қарашада № 3484 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 18.04.2017 № С-9/8 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Көкшетау қаласында автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгiленсiн және автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерi 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      2. Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезiнде жерлерiне базалық ставкалары қолданылатын Көкшетау қаласы жақын жатқан елдi мекенi болып белгiленсiн.

      3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының 11 кезектен
тыс сессияның төрағасы
Ж.Әміржанов
      Бесінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Б.Бегалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қаласының әкімі М.Батырханов
      "Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлiгiнiң
Ақмола облысы бойынша
Салық Комитетiнiң
Көкшетау қаласы бойынша
Салық Департаментiнiң
Салық Басқармасы"
мемлекеттiк мекемесiнiң
бастығы
Б.Шәйкенов

  Көкшетау қалалық
мәслихатының 2012 жылғы 3 қазандағы
№ С-11/7 шешiмiне 1 қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттары


р/р

Автотұрақтардың (паркингтердiң) түрлерi

Санаттар

1

Ашық түрдегi автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2

Жабық түрдегi автотұрақтар (паркингтер)

2 санат

  Көкшетау қалалық
мәслихатының 2012 жылғы 3 қазандағы
№ С-11/7 шешiмiне 2 қосымша

Көкшетау қаласында автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерi

№ р/р

Автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшерi

Базалық ставканың ұлғаюы

1

1 санат

5,79

он есе

2

2 санат

5,79

он есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады