Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 20.03.2018 № С-19/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Кодексiнiң 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгiленсiн және автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
2. Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезiнде, жерлерiне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елдi мекен Көкшетау қаласы болып айқындалсын.
3. Көкшетау қалалық мәслихатының "Автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкаларын ұлғайтуы туралы" 2012 жылғы 3 қазандағы № С-11/7 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3484 тіркелген, 2012 жылғы 15 қарашада "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 9-шы кезекті сессиясының төрайымы |
Р.Арыстанқызы |
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Б.Ғайса |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі | Е.Маржықпаев |
2017 жылғы "18" сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы |
Б.Каримов |
2017 жылғы "18" сәуір
Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/8 шешiмiне 1 қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
№ р/с | Автотұрақтардың (паркингтердiң) түрлерi | Санаттар |
1 | Ашық түрдегi автотұрақтар (паркингтер) | 1 санат |
2 | Жабық түрдегi автотұрақтар (паркингтер) | 2 санат |
Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/8 2 қосымша |
Көкшетау қаласында автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын базалық мөлшерлемелер
№ р/с | Автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге салынатын базалық мөлшерлемелер | Базалық мөлшерлеменің ұлғаюы |
1 | 1 санат | 5,79 | он есе |
2 | 2 санат | 5,79 | он есе |