"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Степногорск қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалары қолданылатын Степногорск қаласы жақын жатқан елді мекені болып белгіленсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрайымы |
Р.Сахневич |
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Ғ.Көпеева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Степногорск қаласының әкімі | А.Никишов |
"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Ақмола облысы бойынша Салық Комитетінің Степногорск қаласы бойынша Салық Департаментінің Салық Басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
С.Қойшыбаев |
Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 ақпандағы № 5С-2/3 шешіміне 1 қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ р/р | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Санаттар |
1 | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 1 санат |
2 | Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 2 санат |
Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 ақпандағы № 5С-2/3 шешіміне 2 қосымша |
Степногорск қаласында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшері
№ р/р | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық ставкаларының мөлшері | Базалық ставканың ұлғаюы |
1 | 1 санат | 5,79 | он есе |
2 | 2 санат | 5,79 | он есе |