Степногорск қаласында автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 6С-17/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 мамырда № 5937 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 6С-25/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 27.02.2018 № 6С-25/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері ұлғайтылсын.

      2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын Степногорск қаласы жақын жатқан елді мекені болып айқындалсын.

      3. Степногорск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 ақпандағы № 5С-2/3 "Степногорск қаласында автотұрақтар (паркингтер) санатын белгілеу, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жер учаскелеріне салынатын салық ставкаларын ұлғайтуы туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-2-158 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 сәуірде "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрайымы
Н.Лощинская
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласының әкімі Ә.Күмпекеев

      30.03.2017 ж.

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Степногорск қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.Қойшыбаев

      30.03.2017 ж.

  Степногорск қалалық
мәслихатының
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 6С-17/4 шешіміне
қосымша

Степногорск қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту

№ р/р

Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемесі

Базалық мөлшерлемесінің ұлғаюы

1

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

5,79

он есеге

2

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санат

5,79

он есеге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады