Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 25.06.2013 № С 19-4 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 мамырдағы № С 38-4 «Ақкөл ауданының жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-3-156 тіркелген және 2011 жылдың 8 шілдеде аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Ақкөл ауданының жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Ақкөл аудандық бөлімшенің (әрі қарай – Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы) тізімдері негізінде, өтініш берусіз мерекелік күндерге арналған біржолғы төлемдер:
9 мамыр - Жеңіс Күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне он бес мың теңге мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдарға бес мың теңге мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға бес мың теңге мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына үш мың теңге мөлшерінде;
Қарт адамдар мен мүгедектер Күніне:
ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге екі мың теңге мөлшерінде;
бірінші және екінші топтағы мүгедектерге екі мың теңге мөлшерінде;
2) жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға), болған жағдайдан кейін үш айдан кешіктірмей, отбасы (азаматтың) кірісіне қарамастан, өтініші бойынша материалдық көмек:
кәмелеттік жасқа толмаған балаларды және жұмыссыз азаматтарды жерлеуге, қайтыс болған баланың немесе жұмыссыз азаматтың қайтыс болуы туралы анықтаманың және қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі негізінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
өрт, су тасқыны, басқа да зілзала апаттың нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақкөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде біржолғы көмекті елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
туберкулезбен ауыратындарға қосымша тамаққа, емдеуге немесе кеңес алу үшін барған жолына, жылына бір рет, фтизиатрдан алынған анықтаманың негізінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
онкологиялық стационар жағдайында арнайы емді өтетін онкологиялық аурулармен ауыратындарға, жылына бір рет, сырқаты туралы кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) селолық жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне оқуға төлеуіне жылына бір рет оқу құнының мөлшерінде, нотариалды куәландырылған білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі мен оқу орнынан берілген анықтаманың негізінде біржолғы көмек;
4) коммуналдық қызмет шығындары үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне өтініш берусіз, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының тізімдері негізінде ай сайын 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистермен және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстаған орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызметті өтеуге ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініш берусіз Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының тізімдері негізінде».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Қ.Нұрсадықов
Ақкөл аудандық мәслихат
хатшысы Ж.Салыбекова
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл ауданының әкімі А.С.Үйсімбаев