Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 25.06.2013 № С 19-4 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл ауданында тұрақты тұратын жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға, шетел азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға (әрі қарай – азаматтар) әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекетік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Ақкөл аудандық бөлімшенің (әрі қарай – Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы) тізімдері негізінде, өтініш берусіз мерекелік күндерге арналған біржолғы төлемдер:
9 мамыр - Жеңіс Күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына екі Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қарт адамдар мен мүгедектер Күніне:
ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) анықталған жағдайларға орай, болған оқиғадан кейін үш айдан кешіктірмей, өтініш бойынша материалдық көмек:
отбасы (азаматтың) кірісіне қарамастан:
өрт, су тасқыны, басқа да зілзала апаттың нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақкөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде біржолғы көмекті елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
туберкулезбен ауыратын азаматтарға фтизиатрдан алынған анықтаманың негізінде және онкологиялық стационар жағдайында арнайы емді өтетін онкологиялық аурулармен ауыратындарға сырқаты туралы кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар аз қамтылған азаматтарға:
кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге қайтыс болған баланың қайтыс болуы туралы анықтаманың және қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жедел түрде ем алуына байланысты медициналық мекемеден сырқаты туралы кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Денсаулықты сақтау министрінің 2011 жылғы 04 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін Дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) селолық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет оқу құнының мөлшерінде;
4) коммуналдық қызмет шығындары үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде:
сумен, газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шотына, немесе алушылардың шотына.
Әлеуметтік көмекті бастап алушының қалауы бойынша көмірге жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 161 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтелсін.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистермен және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстаған орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына аудандық бюджет құралдарының есебінен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының тізімдері негізінде өтініш берусіз ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012.11.12 № С 10-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 20.12.2012 № С 12-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
өтініш;
өтініш берушіні куәландыратын құжаттың көшірмесін;
шот нөмері көрсетілген алушының банктік шотының барын растайтын құжаттың көшірмесін;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесін;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін (азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесін немесе мекенжай бюросының анықтамасын немесе ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасын);
аз қамтылған отбасыларға – қосымша – отбасы туралы мәліметтері және өтініш берген тоқсаннан өткен тоқсанда тапқан табыстары туралы мәліметтері.
Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін ұсынылады, содан соң түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012.11.12 № С 10-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Уәкілетті орган – «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
4. Әлеуметтік төлемдер 451 007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттар шегінде, екінші деңгейдегі банктер немесе банктық операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы көмек алушының банктік шотына «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен ұсынылған тізімдер негізінде іске асырылады.
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ақкөл ауданында мұқтаждық көруші жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» Ақкөл аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 16 наурыздағы № С 27-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-3-136 тіркелген, 2010 жылдың 23 сәуірде аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған);
2) «Ақкөл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 наурыздағы № С 27-3 «Ақкөл ауданының жеке санаттағы мұқтаждық көруші азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» Ақкөл аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 8 қарашадағы № С 33-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-3-145 тіркелген, 2010 жылдың 31 желтоқсанда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған).
6. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы Т.Жұманов
Ақкөл аудандық
мәслихат хатшысы Ю.Ужакин
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл ауданының әкімі А.С.Үйсімбаев
«Ақкөл ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Л.Н.Величко
«Ақкөл аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.Қ.Мананбаева