Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012.08.08 № С 8-2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету мөлшерлері мен Ережесін бекіту туралы» қаулысының негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бір маманға жетпіс айлық есептік көрсеткішіне тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіліп, тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй құрылысына бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие берілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Қ.Нұрсадықов
Ақкөл аудандық мәслихат
хатшысы Ж.Салыбекова
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл ауданының әкімі А.С.Үйсімбаев