"Ақкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Ақкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 23 мамырдағы № С 38-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 қарашадағы № С 10-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 желтоқсанда № 3517 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 маусымдағы № С 19-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 25.06.2013 № С 19-4 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 23 мамырдағы № С 38-4 «Ақкөл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-3-156 тіркелген, 2011 жылғы 8 шілдеде аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «1. Ақкөл ауданында тұрақты тұратын жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға, шетел азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға (әрі қарай – азаматтар) әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Ақкөл аудандық бөлімшенің (әрі қарай – Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы) тізімдері негізінде, өтініш берусіз мерекелік күндерге арналған біржолғы төлемдер:
      9 мамыр - Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына екі Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Қарт адамдар мен мүгедектер Күніне:
      ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) анықталған жағдайларға орай, болған оқиғадан кейін үш айдан кешіктірмей, өтініш бойынша материалдық көмек:
      отбасы (азаматтың) кірісіне қарамастан:
      өрт, су тасқыны, басқа да зілзала апаттың нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Ақкөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде біржолғы көмекті елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      туберкулезбен ауыратын азаматтарға фтизиатрдан алынған анықтаманың негізінде және онкологиялық стационар жағдайында арнайы емді өтетін онкологиялық аурулармен ауыратындарға сырқаты туралы кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар аз қамтылған азаматтарға:
      кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге қайтыс болған баланың қайтыс болуы туралы анықтаманың және қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі негізінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жедел түрде ем алуына байланысты медициналық мекемеден сырқаты туралы кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Денсаулықты сақтау министрінің 2011 жылғы 04 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін Дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) селолық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне оқуын төлеуге арналған біржолғы көмек білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан берілген анықтаманың және көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде жылына бір рет оқу құнының мөлшерінде;
      4) коммуналдық қызмет шығындары үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде:
      сумен, газбен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шотына, немесе алушылардың шотына.
      Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша көмірге жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 161 кг мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтелсін.
      Қызмет тұтынушыларының 2012 жылғы қыркүйек, қазан, қараша айларында тұтынылған коммуналдық қызметтері үшін шығындары Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеке шоттарына қызмет көрсетушілері берген тізілімге сай өтелсін.
      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистермен және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстаған орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына аудандық бюджет құралдарының есебінен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының тізімдері негізінде өтініш берусіз ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
      өтініш;
      өтініш берушіні куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      шот нөмері көрсетілген алушының банктік шотының барын растайтын құжаттың көшірмесін;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесін;
      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін (азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесін немесе мекенжай бюросының анықтамасын немесе ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасын);
      аз қамтылған отбасыларға – қосымша – отбасы туралы мәліметтері және өтініш берген тоқсаннан өткен тоқсанда тапқан табыстары туралы мәліметтері.
      Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін ұсынылады, содан соң түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Г.Нұрова

      Ақкөл аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ж.Салыбекова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақкөл ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          А.К.Кривицкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады