Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылғы Аршалы ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1)тұлғалар, ұзақ уақыт жұмыс істемеген (үш ай және одан артық);
2) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
3) маусымдық және уақытша жұмыстардан мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған тұлғалар;
4) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын бітіруші түлектер санатындағы жастар;
5) адам ағзасындағы қорғаныс қабілеті жетіспейтін және қорғаныс қабілетінің төмендеуі салдарының қоздырғышын жұқтырғандар;
6) әлеуметтік-психологиялық оңалту курсынан өткен есірткіге тәуелді тұлғалар.
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2012.06.18 № А-243(ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Ақшинеевке жүктеледі.
3. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және арнайы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі Маржықпаев Е.