РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, мақсатты топтар құрамына кіретін және әлеуметтік қорғауға неғұрлым мұқтаж тұлғалардың жұмыспен қамтылуына бірлесе жәрдем көрсету мақсатында, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аршалы ауданы әкімдігінің «2012 жылғы Аршалы ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 01 ақпандағы № А-45 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-4-201 тіркелген, 2012 жылғы 03 сәуірдегі «Вперед» аудандық газетінде және 2012 жылғы 30 наурыздағы «Аршалы айнасы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1) тұлғалар, ұзақ уақыт жұмыс істемеген (үш ай және одан артық);».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Т.Ақшинеевке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі Мұханбеджанов Т.