Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 "Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 5С 7/3 шешімі. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 шілдеде № 1-5-187 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 5С 15/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.04.2013 № 5С 15/8 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-5-136 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «4) азаматтардың жекеленген санаттарына Мемлекеттік мереке Жеңіс күніне - Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15000 теңге көлемінде, бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің басқа да міндеттерін орындау кезінде жаралану, контузия алу, зақымдану салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге - 5000 теңге көлемінде, 1988-1989 жылдары кезеңінде Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқан мүгедектерге және қатысушыларға - 5000 теңге көлемінде, майданда қаза болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне - 5000 теңге көлемінде, Ауғаныстандағы және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларына - 5000 теңге көлемінде, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 5000 теңге көлемінде, бейбітшілік уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза болған (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 3000 теңге көлемінде, Ауғаныстанда қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 3000 теңге көлемінде, тыл еңбеккерлеріне - 3000 теңге көлемінде, ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге - 2000 теңге көлемінде, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай ақ, қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінің басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - 3000 теңге көлемінде.
      Әлеуметтік төлем-өтінішсіз алушылардың жеке есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Атбасар аудандық бөлімшесімен берілген тізімдер негізінде жүзеге асырылады»;».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ахметов А.Б

      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Борұмбаев Б.А.

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Атбасар ауданының әкімі                    Сағдиев Е.Б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады