Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.04.2013 № 5С 15/8 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 6 бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен немесе шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет отбасының бір мүшесіне 5 (бес) айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде беріледі өмірдің қиын жағдайында деп анықталған отбасыларына.
2) алынып тасталды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012.05.02 № 5С 5/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер төлемін ай сайын 100 пайыз көлемінде облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен коммуналдық қызметтер төлемі бойынша шығындарды өтеуге;
4) азаматтардың жекеленген санаттарына Мемлекеттік мереке Жеңіс күніне - Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15000 теңге көлемінде, бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің басқа да міндеттерін орындау кезінде жаралану, контузия алу, зақымдану салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге - 5000 теңге көлемінде, 1988-1989 жылдары кезеңінде Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқан мүгедектерге және қатысушыларға - 5000 теңге көлемінде, майданда қаза болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне - 5000 теңге көлемінде, Ауғаныстандағы және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларына - 5000 теңге көлемінде, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашисттер және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 5000 теңге көлемінде, бейбітшілік уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза болған (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 3000 теңге көлемінде, Ауғаныстанда қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 3000 теңге көлемінде, тыл еңбеккерлеріне - 3000 теңге көлемінде, ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге - 2000 теңге көлемінде, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай ақ, қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінің басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - 3000 теңге көлемінде.
Әлеуметтік төлем-өтінішсіз алушылардың жеке есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалының Атбасар аудандық бөлімшесімен берілген тізімдер негізінде жүзеге асырылады.
5) жан басына шаққандағы орташа табыстары күнкөріс деңгейіне дейінгі ауылды жерлердің көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар, күндізгі нысан бойынша колледждерде оқитын студенттерге оқу үшін төлем түрінде. Әлеуметтік көмек жылына бір рет, оқу төлемінің толық мөлшерінде жүргізіледі;
6) басқа адамның күтіміне мұқтаж 1, 2 топ мүгедектеріне, жалғызілікті мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек - балаларға, онкологиялық ауруларға әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет кірістерді есептеусіз 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Туберкулез ауруларына әлеуметтік көмек қолдау формасында оларды сауықтыру мақсатында ақшалай түрде жылына екі рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Туберкулез ауруларына Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жол жүру ақысы жылына бір рет ақшалай түрде төленеді;
7) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашисттер және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, коммуналдық қызмет төлемі бойынша шығындарды өтеуге ай сайынғы қосымша көмекке 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК Ақмола облыстық филиалының Атбасар аудандық бөлімшесімен берілген тізім негізінде, алушылардың жеке есепшотына ақшалай қаражатты аудару жолымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2010.07.26 № 4С28/6 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2011.02.11 № 4С 33/2 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2012.05.02 № 5С 5/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.06.27 № 5С 7/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.11.09 № 5С 10/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
1-1. Әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
Ескерту. Шешім 1-1 тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012.05.02 № 5С 5/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Уәкілетті орган - «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген санаттарға әлеуметтік көмек тағайындауын және төлеуін қамтамасыз етеді.
3. Мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге шығындарды қаржыландыру 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасында қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Қызметке ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен, «Қазпошта» Акционерлік қоғамының, «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамның Ақмола облыстық филиалының және «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арасында жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
5. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданында жеке категориялы азаматтардың әлеуметтік төлемдерін іске асыру ережесі туралы» 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С 4/7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-5-85 тіркелген, 2008 жылғы 18 қаңтарда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешім Атбасар ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Дүйсембаев М.М.
Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы Борұмбаев Б.А.
КЕЛІСІЛДІ
Атбасар ауданының
әкімі Әубәкіров Р.Ш.
«Атбасар ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ бастығы Дүйсенбаева С.А.
Аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 2 мамырдағы
№ 5С 5/2 шешіміне қосымша
Әлеуметтік көмекті
алу үшін қажет құжаттардың тізімі
Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012.05.02 № 5С 5/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012.11.09 № 5С 10/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
1. Басқа адамның күтіміне мұқтаж 1, 2 топтағы мүгедектерге, жалғызілікті мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға:
1) арыз;
2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
4) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
5) медициналық мекеменің емделуге жолдаманың көшірмесі.
2. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен немесе шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін өмірдің қиын жағдайында деп анықталған отбасыларына:
1) арыз;
2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) отбасының табыстарын растайтын анықтама;
4) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
5) апатты жағдай фактісін растайтын құжаттың көшірмесі.
3. Онкологиялық ауруларға әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет кірістерді есептеусіз:
1) арыз;
2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
4) ауру тарихынан жазба.
4. Туберкулезбен ауыратындарға, емделу түріне қарамастан:
1) арыз;
2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
4) медициналық мекеменің туберкулез диспансерінде емделуде тұрғандығы туралы анықтамасы;
5) облыстық түберкулезге қарсы диспансерге жол жүргені үшін жол жүру билеттері.
5. Жан басына шаққандағы орташа табыстары күнкөріс деңгейіне дейінгі ауылды жерлердің көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар, күндізгі нысан бойынша колледждерде оқитын студенттерге оқу үшін төлем түрінде:
1) арыз;
2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
4) оқу орнын растайтын анықтама;
5) оқу келісімшартының көшірмесі;
6) отбасының табыстары, немесе көп балалы отбасы дәрежесі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың көшірмесі.
5-1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтердің төлемдеріне:
1) арыз;
2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
4) үйдің (пәтердің) техникалық паспорты;
5) коммуналдық қызметтерді пайдалануға түбіртектердің көшірмесі.
6. Құжаттар салыстыру үшін көшірмеде және түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалар өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.