Атбасар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 "Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 қарашадағы № 5С 10/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 қарашада № 3497 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 5С 15/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.04.2013 № 5С 15/8 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-5-136 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер төлемін ай сайын 100 пайыз көлемінде облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен коммуналдық қызметтер төлемі бойынша шығындарды өтеуге;»;
      Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 4С 25/17 шешіміне қосымша осы шешімнің  қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Безверхова Н.А.

      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Борұмбаев Б. А.

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Атбасар ауданының                          Е.Сағдиев

Атбасар аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 9 қарашадағы  
№ 5С 10/2 шешіміне    
қосымша         

Әлеуметтік көмекті
алу үшін қажет құжаттардың тізімі

      1. Басқа адамның күтіміне мұқтаж 1, 2 топтағы мүгедектерге, жалғызілікті мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға:
      1) арыз;
      2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
      4) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
      5) медициналық мекеменің емделуге жолдаманың көшірмесі.
      2. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен немесе шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін өмірдің қиын жағдайында деп анықталған отбасыларына:
      1) арыз;
      2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының табыстарын растайтын анықтама;
      4) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
      5) апатты жағдай фактісін растайтын құжаттың көшірмесі.
      3. Онкологиялық ауруларға әлеуметтік көмек ақшалай түрде жылына бір рет кірістерді есептеусіз:
      1) арыз;
      2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
      4) ауру тарихынан жазба.
      4. Туберкулезбен ауыратындарға, емделу түріне қарамастан:
      1) арыз;
      2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
      4) медициналық мекеменің туберкулез диспансерінде емделуде тұрғандығы туралы анықтамасы;
      5) облыстық түберкулезге қарсы диспансерге жол жүргені үшін жол жүру билеттері.
      5. Жан басына шаққандағы орташа табыстары күнкөріс деңгейіне дейінгі ауылды жерлердің көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар, күндізгі нысан бойынша колледждерде оқитын студенттерге оқу үшін төлем түрінде:
      1) арыз;
      2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
      4) оқу орнын растайтын анықтама;
      5) оқу келісімшартының көшірмесі;
      6) отбасының табыстары, немесе көп балалы отбасы дәрежесі туралы мәліметтерді растайтын құжаттың көшірмесі.
      5-1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтердің төлемдеріне:
      1) арыз;
      2) жеке тұлғалығын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
      4) үйдің (пәтердің) техникалық паспорты;
      5) коммуналдық қызметтерді пайдалануға түбіртектердің көшірмесі.
      6. Құжаттар салыстыру үшін көшірмеде және түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалар өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады