Астрахан аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 қарашадағы № 4С-39-4 "Астрахан ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 5С-10-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 желтоқсанда № 3545 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 мамырдағы № 5С-16-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 17.05.2013 № 5С-16-4 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Астрахан аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 қарашадағы № 4С-39-4 "Астрахан ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-159 тіркелген, 2011 жылғы 22 желтоқсанда "Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "Әлеуметтік көмек көрсетіледі":
      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын 100 пайыз көлемінде коммуналдық қызметтер төлемі бойынша шығындарды өтеуге облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жеке тұлғаның (алушының) (өтініш берген сәтіне) жазбаша өтініші негізінде 2 тармағында ұсынылған құжаттардың негізінде алушының жеке шотына немесе қызметтерді тасымалдаушылардың шоттарына аудару бойынша көрсетіледі. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берілген "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Ақмола облысы филиалының Астрахан аудандық бөлімшесінің Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің бекітілген тізімі негізінде ай сайынғы төлемдер төленеді;
      Әлеуметтік көмек бірге тұратындарға да, олармен тіркелген отбасы мүшелеріне де көрсетіледі, оларға жәрдемақылар Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі пайдаланғанға дейін көрсетілетін болады";
      "екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызметтерінің шығындарын өтеу үшін ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініш берусіз "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Ақмола облысы филиалының Астрахан аудандық бөлімшесінің бекітілген тізімі негізінде;
      2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері коммуналдық қызметтердің шығындарын төлеуге әлеуметтік көмек алу үшін:
      1) өтініш;
      2) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркелгендігін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжайлық бюроның анықтамасы, немесе селолық округ әкімінің анықтамасы);
      4) үйдің (пәтердің) техникалық куәлігі;
      5)тұтынылған коммуналдық және байланыс қызметтеріне кәсіпорындарының берген есеп шоттары, анықтамалары, түбіртектері, тізімдемелері.
      6) алушының банк шотындағы салымын растайтын құжаттың көшірмесін шот нөмірін көрсете отырып тапсырады.
      Құжаттар салыстыру үшін көшірмеде және тұпнұсқада ұсынылады, кейін тұпнұсқалар өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Астрахан аудандық мәслихатының сессия төрайымы

В.Быстрицкая

      Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы

В.Собеский

   

       "КЕЛІСІЛДІ"
 

      Астрахан ауданының әкімі

Т.Ерсейітов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады