2012 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № А-01/38 қаулысы. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 қаңтарда № 1-7-145 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 18 маусымдағы № 03-20/761 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімі аппаратының 18.06.2013 № 03-20/761 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар қоса алғанда;
      жұмыс істейтін адамы жоқ отбасылар;
      кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер;
      маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар;
      техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С. Ізбасароваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының әкімі                    Е.Нұғыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады