Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімі аппаратының 18.06.2013 № 03-20/761 хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10 тармағына сәйкес және «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 299 нұсқауының негізінде, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұланды ауданы бойынша 2012 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ. Смағұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов
Бұланды ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 19 сәуірдегі
№ А-04/161 қаулысына
қосымша
Бұланды ауданы бойынша 2012 жылы
субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға
құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі
бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ р/р |
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері |
субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері |
1 |
Орташа кеш пісетін жазғы бидай |
12 мамырдан 27 мамырға дейін |
27 мамырға дейін қоса есептегенде |
2 |
Орташа мерзімде пісетін жазғы бидай |
14 мамырдан 30 мамырға дейін |
30 мамырға дейін қоса есептегенде |
3 |
Орташа ерте пісетін жазғы бидай |
18 мамырдан 2 маусымға дейін |
2 маусымға дейін қоса есептегенде |
4 |
Арпа |
27 мамырдан 5 маусымға дейін |
5 маусымға дейін қоса есептегенде |
5 |
Сұлы |
27 мамырдан 5 маусымға дейін |
5 маусымға дейін қоса есептегенде |
6 |
Қарақұмық |
25 мамырдан 5 маусымға дейін |
5 маусымға дейін қоса есептегенде |
7 |
Бұршақ |
15 мамырдан 27 мамырға дейін |
27 мамырға дейін қоса есептегенде |
8 |
Ноқат |
11 мамырдан 20 мамырға дейін |
20 мамырға дейін қоса есептегенде |
9 |
Жасымық |
18 мамырдан 25 мамырға дейін |
25 мамырға дейін қоса есептегенде |
10 |
Күнбағыс |
11 мамырдан 20 мамырға дейін |
20 мамырға дейін қоса есептегенде |
11 |
Рапс |
12 мамырдан 25 мамырға дейін |
25 мамырға дейін қоса есептегенде |
12 |
Майлы зығыр |
15 мамырдан 30 мамырға дейін |
30 мамырға дейін қоса есептегенде |
13 |
Картоп |
11 мамырдан 25 мамырға дейін |
25 мамырға дейін қоса есептегенде |
14 |
Көкөністер |
11 мамырдан 15 маусымға дейін |
15 маусымға дейін қоса есептегенде |
15 |
Біржылдық шөптер |
20 мамырдан 30 мамырға дейін |
30 мамырға дейін қоса есептегенде |
16 |
Ағымдағы жылдың көпжылдық дәнді және бұршақты шөптері |
11 мамырдан 13 мамырға дейін |
13 мамырға дейін есептегенде |
18 |
Сүрлемге жүгері |
18 мамырдан 25 мамырға дейін |
25 мамырға дейін қоса есептегенде |