Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № А-07/272 қаулысы. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 30 шілдеде № 1-7-159 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № а-04/111 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 14.04.2016 № а-04/111 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 10.10.2013 № а-10/370 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін,сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Бұланды ауданы әкімдігінің "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 06 мамырдағы № А-5/97 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-7-133 тіркелген, 2011 жылғы 03 маусымда "Бұланды таңы" және "Вести Бұланды жаршысы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.К.Есмурзинаға жүктелсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 10.10.2013 № а-10/370 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бұланды ауданының әкімі М.Балпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады