Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2012.07.11 № А-07/272 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7- бабының 5-6) және 5-5) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және жұмыс іздеуде қиындықтары бар интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған түлектерді әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін,аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов