Егіндікөл ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № А-4/120 қаулысы. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 7 мамырда № 1-8-126 тіркелді. Қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 10 маусымдағы № 495 хатымен)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының 10.06.2013 № 495 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 299 ұсынысы негізінде, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Егіндікөл ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С. Ысқақоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданының әкімі                  Б. Сұлтанов

Егіндікөл ауданы
әкімдігінің 2012 жылғы
27 сәуірдегі № А-4/120
қаулысына қосымша

Егіндікөл ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері

Субсидияланатын басымдық ауылшаруашылығы дақылдарының атауы

Ауылшаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдері

Субсидия алатындардың тізіміне енгізу үшін өтінім тапсыру мерзімдері

1.

Пісу мерзімі кеш жазғы бидай

12 мамырдан 27 мамырға дейін

28 мамырға дейін

2.

Пісу мерзімі орташа жазғы бидай

14 мамырдан 1 маусымға дейін

2 маусымға дейін

3.

Ерте пісетін жазғы бидай

18 мамырдан 3 маусымға дейін

4 маусымға дейін

4.

Жазғы арпа, сұлы

27 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

5.

Қара құмық

25 мамырдан 3 маусымға дейін

4 маусымға дейін

6.

Бұршақ

18 мамырдан 30 мамырға дейін

1 маусымға дейін

7.

Жасымық

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

8.

Нут

10 мамырдан 20 мамырға дейін

21 мамырға дейін

9.

Май-тұқымға арналған күнбағыс

10 мамырдан 20 мамырға дейін

21 мамырға дейін

10.

Зығыр

15 мамырдан 31 мамырға дейін

1 маусымға дейін

11.

Сафлор

15 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

12.

Көктемгі көпжылдық дәнді және бұршақты шөптердің егісі

10 мамырдан 17 мамырға дейін

18 мамырға дейін

13.

Сүрленген жүгері

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

14.

Судан шөбі

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады