Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 18.04.2013 № 44 хатымен).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылға арналған Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы И.Шарафутдинов
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Р.Муллаянов
КЕЛІСІЛДІ
Егіндікөл ауданының әкімі Б.Сұлтанов