Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 30.10.2014 № 1106 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшілдер ауданының аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бірден жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер (бір жылдан артық);
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Шаяхметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшілдер ауданының әкімі Т.Хамитов
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облыстық денсаулық
сақтау басқармасының жанындағы
«Еңбекшілдер аудандық орталық
ауруханасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері З.Шаубаев