Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 30.10.2014 № 1106 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Еңбекшілдер аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың, 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Шаяхметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы өз күшіне Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Еңбекшілдер ауданының әкімі Т.Хамитов
«Ақмола облысы Еңбекшілдер
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б.Есімов