Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 шілдедегі № А-6/205 қаулысы. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 шілдеде № 1-10-167 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі № а-4/73 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 22.04.2016 № а-4/73 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5 тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ш.Шаяхметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Садуақасұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады