Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 17.01.2013 № А-1/5 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерi қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә.Шәкіровке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі А.Қалжанов
Жарқайың ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 23 қаңтардағы
№ А-1/54 қаулысына қосымша
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi
пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерi
№ |
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй |
Тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерi |
1 |
Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Молодежный шағын ауданы, № 1 үй |
73,75 теңге |
2 |
Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Молодежный шағын ауданы, № 2 үй |
84,47 теңге |
3 |
Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Юбилейный көшесі, № 17 үй |
77,96 теңге |