2012 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/4 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 14 наурызда № 1-12-163 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 наурыздағы № 03-2/69 хаты)

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 01.03.2013 № 03-2/69 хаты).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.10.02 № 5С-10/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.10.02 № 5С-10/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ж.Мыңбаев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ұ.Ахметова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады