Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/6 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 26 наурызда № 1-12-164 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 наурыздағы № 5С-16/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 04.03.2013 № 5С-16/3 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.11.02 № 5С-11/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына бір рет 3,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.11.02 № 5С-11/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Әлеуметтік көмек «Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының Жарқайың аудандық пошта байланысы торабындағы алушының есеп шотына ақшаны аудару жолымен жүзеге асырылатындығы ескерілсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ж.Мыңбаев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ұ.Ахметова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады