Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 09.01.2015 № а-0/02 (қол қойылған күнінен бастап қоданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық атқару кодексінің 30 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сотталғандарға негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта қосымшада көрсетілгендей тегін қоғамдық пайдалы жұмыс түрлері белгіленсін.
2. Жақсы ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі И.Қабдуғалиев
Жақсы ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 15 ақпандағы
№ А-1/67 қаулысына қосымша
Сотталғандар үшін қоғамдық жұмыс түрлері
1. Аумақты мұздан тазарту
2. Аумақты қардан тазарту
3. Аумақты қоқыстан тазарту
4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту
5. Аумақты арам шөптерден тазарту
6. Ағаштарды кесу, ағарту, отырғызу
7. Қоршауларды жөндеу және бояу
8. Ғимараттарды ақтау, бояу
9. Гүл клумбаларын бөлу
10. Көгал алаңды қайта қазу
11. Құрылыс қоқыстарын жинау.