2012 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 46 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 2 ақпанда № 1-14-172 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімі аппараты басшысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 641 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімі аппараты басшысының 14.06.2013 № 641 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына7 бабына, «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектері;
      оларға байланысты емес себептер бойынша он екі айдан артық ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер.
      2. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады