Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2012 жылы Зеренді ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 282 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 мамырда № 1-14-183 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімі аппараты басшысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 641 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімі аппараты басшысының 14.06.2013 № 641 хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» Заңының 5 бабының 3 тармағының 3 тармақшасына және «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 2011 жылғы 10 сәуiрдегi № 303 ұсынымына сәйкес, Зеренді ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2012 жылы Зеренді ауданы бойынша егiс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Маржықпаев

Зеренді ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 2 мамырдағы
№ 282 қаулысына
қосымша

Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2012 жылы Зеренді ауданы бойынша егiс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзiмдерi

р/с

Мiндеттi сақтандыруға
жататын ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Егiс жұмыстарын бастаудың және
аяқтаудың оңтайлы мерзiмдерi

1

Жаздық бидай

11 мамырдан 27 мамырға дейін

2

Арпа

27 мамырдан 5 маусымға дейін

3

Сұлы

27 мамырдан 5 маусымға дейін

4

Қарақұмық

25 мамырдан 4 маусымға дейін

5

Дәнбұршақтылар

15 мамырдан 27 мамырға дейін

6

Майлылар

15 мамырдан 28 мамырға дейін

7

Картоп

11 мамырдан 29 мамырға дейін

8

Көкөністер

11 мамырдан 16 маусымға дейін

9

Азықтықтар (бір жылдық
шөптер, ағымдағы жылдың
көпжылдық шөптері)

11 мамырдан 17 мамырға дейін

10

Азықтықтар (шабындық және
жайылымдық жерлерді
шалғындандыру үшін
себілген, ағымдағы жылдың
көпжылдық шөптері)

11 мамырдан 17 мамырға дейін

11

Сүрлемге жүгері және
күнбағыс

17 мамырдан 25 мамырға дейін

12

Жабық топырақ көкөністері

11 маусымнан 15 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады