2013 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 806 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 қаңтарда № 3606 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 1567 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 05.11.2014 қарашадағы № 1567 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 3137 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 2 тармағына7 бабына, «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектері;
      оларға байланысты емес себептер бойынша он екі айдан артық ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер;
      маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Маржықпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады