Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 10.04.2013 № 665 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға Қорғалжын ауданындағы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) туберкулездік, онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының ауруларымен ауыратын тұлғалар, адамның иммун тапшылығының вирусын жұқтырған тұлғалар, иммун тапшылығы синдромын жұқтырған тұлғалар;
4) маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі өткен тұлғалар.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданының әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын ауданының әкімі Д.Хамитжанов