Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 10.04.2013 № 665 хатымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасына, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылы Қорғалжын ауданында әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) 2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қорғалжын ауданының жұмыс берушілерінің тізімі 1 қосымшаға сәйкес;
2) 2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қорғалжын ауданының жұмыс берушілерінің тізімі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
Қорғалжын ауданының әкімі Д.Хамитжанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы
комитетінің «Қорғалжын
мемлекеттік табиғи қорық»
мемлекеттік мекемесінің
директоры М.Айтжанов
Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 27 ақпандағы
№ 41 қаулысына 1 қосымша
2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
Қорғалжын ауданының жұмыс берушілерінің тізімі
№ |
Жұмыс беруші |
Қандай кәсіпке қабылдау жоспарланып отыр (лауазымы) |
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны |
Орта айлық еңбек ақысы, теңге |
Айлар бойынша жұмыстың ұзақтығы |
Мемлекеттік (жергілікті) бюджетінің есебінен өтелетін орта айлық еңбек ақысының мөлшері, теңге |
1 |
Қорғалжын ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығына «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
Әр саладағы жұмыскер |
1 |
17439 |
6 |
8719-50 |
2 |
«Галымжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Әр саладағы жұмыскерлер |
3 |
17439 |
6 |
8719-50 |
3 |
Қорғалжын мектеп-гимназиясы мемлекеттік мекемесі |
Әр саладағы жұмыскерлер |
2 |
17439 |
6 |
8719-50 |
4 |
«Қорғалжын ауданының аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
Әр саладағы жұмыскер |
1 |
17439 |
6 |
8719-50 |
5 |
«Мирас 2000» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
маусымдық жұмыскер |
1 |
17439 |
6 |
8719-50 |
6 |
«Алтынай» шаруашылық қожалығы |
Әр саладағы жұмыскер |
1 |
17439 |
6 |
8719-50 |
7 |
Жеке кәсіпкер «Мухамеджанова Ж.С.» |
Күзетші, |
2 |
17439 |
6 |
8719-50 |
8 |
«Жана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
бухгалтер, |
2 |
17439 |
6 |
8719- 50 |
9 |
«Балауса» балабақшасы мемлекеттік мекемесі |
тәрбиеші |
1 |
17439 |
6 |
8719- 50 |
10 |
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорық» мемлекеттік мекемесі |
қорықшы |
1 |
17439 |
6 |
8719- 50 |
Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 27 ақпандағы
№ 41 қаулысына 2 қосымша
2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыратын республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын Қорғалжын ауданының жұмыс
берушілерінің тізімі
№ |
Жұмыс беруші |
Қандай кәсіпке қабылдау жоспарланып отыр (лауазымы) |
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны |
Орта айлық еңбек ақысы, теңге |
Айлар бойынша жұмыстың ұзақтығы |
Мемлекеттік (республикалық) бюджетінің есебінен өтелетін орта айлық еңбек ақысының мөлшері, теңге |
||
бірінші алты айда 50% артық емес |
келесі үш айда 30% артық емес |
соңғы үш айда 15% артық емес |
||||||
1 |
«Берекелі - 2030» Ауылдық тұтынушы кооперативі |
құрылысшы, сылақшы |
2 |
52 000 |
9 - ай |
26 000 |
15 600 |
- |
2 |
«Астана Агропродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
әр саладағы жұмыскерлер |
10 |
52 000 |
11 - ай |
26 000 |
15 600 |
7 800 |
3 |
«Максат Е» шаруа |
нан пісірушілер |
2 |
52 000 |
11 - ай |
26 000 |
15 600 |
7 800 |
4 |
«Бытығай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
механизатор |
1 |
52 000 |
11 - ай |
26 000 |
15 600 |
7 800 |
5 |
Қорғалжын ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығына «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
темір шебері, |
2 |
52 000 |
11 - ай |
26 000 |
15 600 |
7 800 |