Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 6/11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда № 3603 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 наурыздағы № 1,2/13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 11.03.2013 № 1,2/13 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартының 11 тармағына сәйкес Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (табысы есепке алынбай) әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің коммуналдық қызмет шығындары ай сайын 100 % мөлшерінде өтінішсіз «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облысы бойынша Қорғалжын аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде өтелінсін;
      2) онкологиялық және туберкулез ауруларына емделуге 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет өтініші бойынша;
      3) төтенше жағдайларда (өрт, су тасқыны болғанда) 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет өтініші бойынша;
      4) мереке күндеріне орай бір реттік әлеуметтік төлем өтінішсіз «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облысы бойынша Қорғалжын аудандық бөлімшесінің тізімі негізінде:
      9- мамыр «Жеңіс күніне» орай:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне -10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттағы – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      «Қарттар күніне» орай:
      ең аз зейнетақы алатын 75 жастан асқан зейнеткерлерге – 1,5 (бір жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      «Мүгедектер күніне» орай:
      бірінші және екінші топ мүгедектеріне және 18-жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1,5 (бір жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2. Жан басына шаққандағы кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға жылына бір рет өтініші негізінде төмендегі түрлері бойынша:
      1) ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған, көп балалы отбасыларының колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын студенттеріне оқу ақысы, өтініші негізінде және оқу орнының (колледждердің) келісім шартына сәйкес, оқу ақысы көлемінде өтініш иесінің немесе оқу орнының есеп шотына аудару арқылы;
      2) аз қамтылған, көп балалы отбасыларына, 1, 2, 3 топ мүгедектеріне 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
      1) онкологиялық және туберкулезбен ауыратындарға емделу үшін:
      өтініш;
      медициналық мекеменің анықтамасы;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат.
      2) өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге:
      өтініш;
      Қорғалжын ауданының «Төтенше жағдайлар бөлімшесі» мемлекеттік мекемесінің актісі;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат.
      3) ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледждің күндізгі бөлімінде оқитын студенттеріне оқу ақысын алу үшін:
      көп балалы отбасылары үшін:
      өтініш;
      оқу орнын растайтын анықтамасы;
      Қорғалжын аудандық «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталық» бөлімшесінен берілген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      оқу келісім шарты;
      Аз қамтылған отбасылары үшін:
      өтініш;
      оқу орнын растайтын анықтамасы;
      «Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен берілген аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      оқу келісім шарты;
      4) аз қамтылған отбасыларына:
      өтініш;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы кірісі туралы анықтамасы;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат.
      Көп балалы отбасыларына:
      өтініш;
      Қорғалжын аудандық «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталық» бөлімшесінен берілген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы кірісі туралы анықтамасы;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат.
      Барлық санаттағы мүгедектерге:
      өтініш;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы кірісі туралы анықтамасы;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      мүгедектігі жөніндегі анықтама.
      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін көшірмелерімен түпнұсқалары да ұсынылады, салыстырылғаннан кейін, түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
      4. Қорғалжын аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-15-180 болып тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымда «Нұр - Қорғалжын» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      5. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы                           Ө.Балғабаев

      «Келісілді»

      Қорғалжын аудан әкімі                      Қ.Рыскелдінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады