Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 3/3 шешімі. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 8 мамырда 1-15-180 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 6/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 13.12.2012 № 6/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартының 11 тармағына сәйкес Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына табысы есепке алынбай әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1)дәрігерлік бақылау комиссиясының қорытындысына және фтизиатрдің тізіміне сәйкес, ем қабылдаушы туберкулез науқастарына ыстық тамаққа 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын;
      туберкулез науқастарына Ақмола облысының тубдиспансерінде зерттелуге немесе емделуге бару үшін жол шығынын өтеуге жылына 1 рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтініші бойынша;
      2) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызмет шығынына 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын Қорғалжын аудандық «Мемлекеттік зейнетақы төлем орталық» бөлімшесінің тізімі негізінде;
      3) медициналық жоғарғы оқу орнын бітірген жаңадан келген жас мамандарға, аудандық мемлекеттік медициналық мекемемен мамандығы бойынша жұмысқа қабылдағандығы туралы еңбек шартына сәйкес - бірреттік 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтініші бойынша;
      4) мұқтаж азаматтарға төтенше жағдайларда (өрт, су тасқыны болғанда) бірреттік 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтініші бойынша;
      5) ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасыларының колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын студенттеріне оқу ақысы өтініші негізінде және оқу орнының (колледждердің) келісім шартына сәйкес, оқу ақысы көлемінде өтініш иесінің немесе оқу орнының есеп шотына аудару арқылы.
      6) мүгедек – студенттерге және ата – ана қамқорынсыз қалған жетім – студенттерге, колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын бір жылдық оқу ақысы көлемінде жылына бір рет.
      2. Азаматтардың әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінің мөлшерінен аспағанда жылына бір рет өтініші негізінде келесі түрлері бойынша:
      онкологиялық және туберкулез ауруларына емделуге 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет өтініші бойынша;
      жұмыссыз азаматтарға отбасының бір мүшесі қайтыс болған жағдайда жерлеу рәсімдеріне 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      аз қамтылған, көп балалы отбасыларына, 1, 2, 3 топ мүгедектеріне 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      3. Мереке күндеріне орай Қорғалжын аудандық «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталық» бөлімшесінің тізіміне сәйкес, өтінішсіз, бірреттік әлеуметтік төлемдер:
      1) 9- мамыр «Жеңіс күніне» орай:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне -15000 теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 5000 теңге;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына – 3000 теңге;
      2) «Халықаралық әйелдер күніне» орай:
      «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» белгілерімен марапатталған аналарға – 2000 теңге;
      3) «Қарттар күніне» орай:
      ең аз зейнетақы алатын 75 жастан асқан зейнеткерлерге – 2000 теңге;
      4) «Мүгедектер күніне» орай:
      бірінші және екінші топ мүгедектеріне - 1000 теңге;
      5) «Балаларды қорғау күніне» орай:
      - 18 – жасқа дейінгі мүгедек балаларға -3000 теңге.
      4. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін құжаттардың тізімі анықталсын:
      1) туберкулез науқастарына Ақмола облысының тубдиспансеріне зерттелуге немесе емделуге бару үшін жол шығынын өтеуге:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші;
      жол билеттері;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      нөмірі көрсетілген өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжаты;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      медициналық мекеменің жолдамасы;
      медициналық жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандар бір реттік әлеуметтік көмек алу үшін:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші;
      жұмыс орнынан анықтама;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      нөмірі көрсетілген өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      медициналық жоғарғы оқу орнын бітіргені туралы дипломы;
      аудандық мемлекеттік медициналық мекеменің мамандығы бойынша жұмысқа қабылдағаны туралы еңбек шарты;
      өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші;
      Қорғалжын ауданының «Төтенше жағдайлар бөлімшесі» мемлекеттік мекемесінің актісі;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      нөмірі көрсетілген өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      4) ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледждің күндізгі бөлімінде оқитын студенттеріне оқу ақысын алу үшін:
      көп балалы отбасылар үшін:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші;
      оқу орнын растайтын анықтама;
      Қорғалжын аудандық «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталық» бөлімшесінен берілген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
            нөмірі көрсетілген өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      оқу келісім шарты;
      аз қамтылған отбасылары үшін:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші;
      оқу орнын растайтын анықтама;
      «Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен берілген аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      нөмірі көрсетілген өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      оқу келісім шарты;
      мүгедек – студенттерге және жетім – студенттерге:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші;
      оқу орнын растайтын анықтама;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      нөмірі көрсетілген өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      оқу келісім шарты;
      Қорғалжын аудандық «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталық» бөлімшесінен берілген мүгедектер мәртебесін немесе екі асыраушысынан айрылғанын растайтын анықтама;
      5) онкологиялық және туберкулезбен ауыратындарға емделу үшін:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші;
      медициналық мекеменің анықтамасы;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      нөмірі көрсетілген өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      6) отбасының бір мүшесі қайтыс болған жағдайда:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші;
      «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемеден жұмыссыздығын растайтын анықтама;
      отбасы құрамы туралы анықтама;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      нөмірі көрсетілген өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      қайтыс болу куәлігі;
      7) аз қамтылған отбасыларына:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы кірісі туралы анықтама;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      нөмірі көрсетілген өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      8) көп балалы отбасыларына:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші;
      Қорғалжын аудандық «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталық» бөлімшесінен берілген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
      отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы кірісі туралы анықтама;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      нөмірі көрсетілген өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжат;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      9) барлық санаттағы мүгедектерге:
      осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның өтініші;
      Қорғалжын аудандық «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталық» бөлімшесінен берілген жәрдемақы мөлшері туралы анықтама;
      өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;
      нөмірі көрсетілген өтініш иесінің банктік жеке есеп шотын растайтын құжаттың, тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      мүгедектігі жөніндегі анықтама;
      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін көшірмелерімен түпнұсқалары да ұсынылады, салыстырылғаннан кейін, түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
      5. Қорғалжын аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-15-151 тіркелген, 2010 жылғы 31 тамызда «Қорғалжын өңірі» газетінде жарияланған), «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 2/27 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-15-157 тіркелген, 2011 жылғы 20 қаңтарда «Қорғалжын өңірі» газетінде жарияланған), «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 21 шілдедегі № 5/22 шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 4/39 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-15-172 тіркелген, 2012 жылғы 17 қаңтарда «Қорғалжын өңірі» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
      6. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының                                М. Айтжанов

      Аудандық маслихат
      төрағасы хатшысы                           Ө. Балғабаев

      Келісілді:

      Қорғалжын ауданы әкімінің м.а.             С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады