Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына және 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жылдан астам);
2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Қ.Қазизоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков