Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 наурыздағы № 2/3 шешімі. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 сәуірде № 1-16-148 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 54 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 30.04.2013 № 54 хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» ережесінің 11 тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне:
      Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күніне орай он бес мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      ай сайын коммуналдық қызметтер төлемі бойынша шығындарды өтеу 100 пайыз мөлшерінде;
      2) Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына; бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендермен және медальдармен наградталған жұмысшылармен қызметшілерге; 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ әскери немесе азаматтық мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқандарға; сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, Чернобыль атом станциясындағы, басқа да азаматтық және әскери бағыттағы нысандарда радиациялық апаттар салдарынан мүгедек болғандарға, сондай-ақ Ұлы Отан Соғысының Жеңіс жылдығына ядролық сынауларға және оқуларға тікелей қатысқандарға бес мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      3) Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде, коммуналдық шығындарды өтеу үшін, бір жолғы материалдық көмек
      4) Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметшілерге міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралану, контузия алуы зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты сондай-ақ Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге; Ұлы Отан Соғысының Жеңіс жылдығына ата-анасының бірі радиациялық сәулендірумен генетикалық байланысты олардың балаларына бес мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек; ЧернобльАЭС-індегі апаттың азаматтық немесе әскери мақсаттағы радиациялық апаттар мен авариялардың ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына; бес мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек.
      5) Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына; қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай – ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, асыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қоршаған үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне); Ұлы отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарімен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшалау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқанға (өз еркімен көшкен) адамдарға қоныс аудартқан күні анасының құрсағында балаларды қоса алғанда; бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының үкіметтік органдарының шешіміне сәйкес басқа республикалардың аумағында жауынгерлік әрекеттерге қатысқан Ұлы Отан Соғысы жылдарында тылда атқарған мүлтіксіз әскери қызмет пен ерең еңбегі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері, медальдарымен марапатталған тұлғаларға, Ұлы Отан Соғысы жылдарында 1941 жылғы 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес уақыт бойы тылда жұмыс істегендерге, Ұлы Отан Соғысының Жеңіс жылдығына үш мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      6) Халықаралық қарттар күніне ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге екі мың теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек;
      7) 1, 2, 3 топ мүгедектеріне Мүгедектер күніне орай бір мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Жаңа жылға қарсы екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      емделу және дәрі-дәрмектер сатып алу үшін жеке шотқа аудару жолымен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы материалдық көмек;
      8) өтініш бойынша анықталған жағдайларға байланысты шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға (азаматтарға):
      табиғи және техногендік сипаттағы апаттарға байланысты жеке шоттарға аудару арқылы 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      9) онкологиялық аурумен науқастарға операциядан дейінгі кезеңге жеке шоттарға аудару жолымен 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      10) ұзақ уақытты емделудегі туберкулезбен ауыратын науқастарға жеке шоттарына аудару жолымен 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      11) колледждерде күндізгі бөлімше оқитын селолық жерлердегі, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге жеке шоттарына аудару жолымен күнтізбелік жыл ішінде бір рет оқуына бір жылдық төлем мөлшерінде беріледі.
      Біржолғы әлеуметтік көмек ақшалай түрде отбасының бір мүшесіне (азаматқа) күнтізбелік жыл ішінде бір рет беріледі.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2012.12.06 № 9/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу үшін қажетті толық құжаттардың тізімін анықтау:
      1) 1 тармақтың 1 тармақшасының екінші азат жолында, 1 тармақтың 2, 3, 4, 5, 6 тармақшаларында, 1 тармақтың 7 тармақшасының бірінші азат жолында көрсетілген санаттар үшін – Ақмола облыстық филиалының «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сандықтау аудандық бөлімшесімен ұсынылған аты, тегі және әкесінің аты, туған жылы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке шотының нөмірі көрсетілген тізім;
      1-1) 1 тармақтың 1 тармақшасының үшінші азат жолында көрсетілген санаттар үшін - Ақмола облыстық филиалының «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сандықтау аудандық бөлімшесімен ұсынылған аты, тегі және әкесінің аты, туған жылы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке шотының нөмірі көрсетілген тізім, коммуналдық қызметтерді төлеу туралы түбіртектердің көшірмелері немесе коммуналдық қызметтерді жабдықтаушыларымен ұсынған тізілімдер;
      2) 1 тармақтың 7 тармағының 2 абзацында көрсетілген санат үшін – осы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі немесе 16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәлігінің көшірмесі, мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі, азаматтарды тіркеу орнын растайтын құжат көшірмесі, есептік шот көшірмесі, сараптама жазбасының көшірмесі немесе медицина мекемесінің емделуге бағыттаудың көшірмесі;
      3) 1 тармақтың 8 тармақшасының екінші, абзацында көрсетілген санат үшін - осы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке шотының көшірмесі, есептік шот көшірмесі, апат фактісін растайтын (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігінің Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің Сандықтау ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімінің анықтамасы немесе селолық округі әкімі аппаратынан тұрғын-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі) құжат көшірмесі;
      4) 1 тармақтың 8 тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін – осы әлеуметтік көмекке құқығы бар, тұлғаның өтініші, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу орнын растайтын құжат көшірмесі, жеке шотының көшірмесі, операцияны өткізуге медициналық мекеменің бағыттау көшірмесі;
      5) 1 тармақтың 9 тармақшасында көрсетілген санат үшін - осы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу орнын растайтын құжат көшірмесі, жеке шотының көшірмесі, операцияның өткізілу фактісін растайтын ауру тарихынан үзінді;
      6) 1 тармақтың 10 тармақшасында көрсетілген санат үшін – медицина мекемесімен ұсынылған тізім, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу орнын растайтын құжат көшірмесі, жеке шотының көшірмесі;
      7) 1 тармақтың 11 тармақшасында көрсетілген санат үшін – осы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу орнын растайтын құжат көшірмесі, жеке шотының көшірмесі, оқу орнын растайтын анықтама, оқуға келісімшарт көшірмесі, «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сандықтау аудандық бөлімшесімен көпбалалы отбасы дәрежесін растайтын анықтама немесе «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен аз қамтылған отбасы дәрежесін растайтын анықтама;
      Құжаттар көшірмесімен бірге түпнұсқада ахуалын тексеру үшін ұсынылады, содан кейін өтініш беру күнінде құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2012.12.06 № 9/2 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы шешім Ақмола облысы бойынша Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ш.Докаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    С.Клюшников

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

      «Сандықтау ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        С.Назарович

      «Сандықтау ауданының
      экономика және қаржы
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің мекемесінің
      бастығы                                    Н.Мурашиди

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады