Сандықтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 наурыздағы № 2/3 "Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 9/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда № 3543 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 54 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 30.04.2013 № 54 хатымен).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сандықтау аудандық мәслихатының «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 12 наурыздағы № 2/3 (нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-16-148 тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2012 жылдың 20 сәуірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1 тармақтың 1 тармақшасының үшінші азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «ай сайын коммуналдық қызметтер төлемі бойынша шығындарды өтеу 100 пайыз мөлшерінде»;
      2 тармақтың 1 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1) 1 тармақтың 1 тармақшасының екінші азат жолында, 1 тармақтың 2, 3, 4, 5, 6 тармақшаларында, 1 тармақтың 7 тармақшасының бірінші азат жолында көрсетілген санаттар үшін – Ақмола облыстық филиалының «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сандықтау аудандық бөлімшесімен ұсынылған аты, тегі және әкесінің аты, туған жылы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке шотының нөмірі көрсетілген тізім;»;
      2 тармақ 1-1 тармақшасымен толықтырылсын:
      «1-1) 1 тармақтың 1 тармақшасының үшінші азат жолында көрсетілген санаттар үшін - Ақмола облыстық филиалының «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сандықтау аудандық бөлімшесімен ұсынылған аты, тегі және әкесінің аты, туған жылы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке шотының нөмірі көрсетілген тізім, коммуналдық қызметтерді төлеу туралы түбіртектердің көшірмелері немесе коммуналдық қызметтерді жабдықтаушыларымен ұсынған тізілімдер;».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      аудандық мәслихаттың хатшысы               С.Клюшников

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады