РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4)тармақшасына,Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград ауданы әкімінің міндетін атқарушы | М.Жанабергенов |